Облыс әкімдігінде өңірлік инвестициялық штабтың отырысында Екібастұз және Павлодар қалаларының жаңа жобаларын облысты дамыту жоспарына енгізу мәселесі қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімдігінде өңірлік инвестициялық штабтың отырысында Екібастұз және Павлодар қалаларының жаңа жобаларын облысты дамыту жоспарына енгізу мәселесі қаралды.

Бүгінде облыстың инвестициялық пулында 7,4 трлн теңгеге 140 жоба бар, оның ішінде Екібастұзда 6,4 трлн теңгеге 21 жоба іске асырылуда. Қосымша 506,7 млрд теңгеге 8 жоба ұсынылды.

Жобалар келесі бағыттарды қамтиды: ДӨО алқабы, алюминий зауыты, көмірді байыту және жартылай кокс өндіру, қуаты 350 МВт жылу электр орталығы және қуаты 100 МВт болатын ілеспе газдарда жұмыс істейтін станция, асфальтбетон зауыты мен жанармай құю бекеті. Бұл жобаларды іске асыру Екібастұздың өнеркәсіп өндірісінің көлемін 1,6 трлн теңгеден 2 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Павлодар қаласында 108 пәтерлі тұрғын үй салу жобасы қаралды. Облыс әкімі жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруді жеделдетуді тапсырды.

Сонымен қатар инвесторлармен бірлесіп жол карталарын әзірлеу және нысандарды бас жоспарға енгізу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1195553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version