Өңірде «Алтын белгі» иегерлерін анықтайтын комиссия өз жұмысын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатын алуға үміткерлердің құжаттарын қарастыратын облыстық комиссия өз жұмысын бастады.

Биыл облыс бойынша 6683 оқушы мектеп бітіреді. Олардың ішінде 447 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болып отыр. Бұл марапат оқу үлгерімі жоғары оқушыларға беріледі.

Комиссия жұмысы түлектердің жетістіктерін әділ әрі ашық бағалауға бағытталған. Қарау барысында ұсынылған құжаттар, оқу нәтижелері және белгіленген талаптарға сәйкестігі мұқият зерделенеді.

Айта кету керек, «Алтын белгі» иегері атану – білім беру жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады және оқушыларды жоғары нәтижелерге ұмтылуға ынталандырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1195529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version