Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті
«Орта білім беретін үздік ұйым-2026» атты аудандық байқау өткізеді.
«Орта білім беретін үздік ұйым- 2026» грантын беру тәртібін
және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге
арналған конкурсты өткізу қағидалары
І. Жалпы ережелер
Осы «Орта білім беретін үздік ұйым- 2026» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізуқағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 25) тармақшасынасәйкес әзірленді және «Орта білім беретін үздік ұйым-2026» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Конкурстың ұйымдастырушылары-білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар;
2) «Орта білім беретін үздік ұйым- 2026» гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2) Рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.
«Орта білім беретін үздік ұйым-2026» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.
Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.
Грант Конкурстың жеңімпазы – мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.
«Орта білім беретін үздік ұйым-2026» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі
1.Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттары 2026 жылғы 24 сәуірге дейін қабылданады.
Конкурс 28.04.2026 жылы сағат 10:00 де білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде өткізіледі.
Конкурстық комиссияның мекен-жайы: Күршім ауданы, Күршім ауылы, Барақ батыр көшесі №25, Күршім ауданы бойынша білім бөлімі, байланыс телефондары 8(72339) 3-21-14;
Конкурсқа қатысушыларды іріктеу төмендегідей өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
Рейтинг көрсеткіштері
2023-2024
2024-2025
2025-2026
1
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу
Қазіргі білім беру технологияларын тиімді пайдалану
1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны
Интернет қосылу
жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу үлесі
2
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету
жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алған түлектер үлесі
жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алған оқушылар үлесі
қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі
3
Білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету
педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан 5 жылда бір рет өту (қысқа мерзімді)
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтардың үлесі
жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің үлесі
ағымдағы жылы білім беру ұйымына жұмысқа жаңадан келген жас мамандар үлесінің серпіні
жоғары және бірінші санатты педагогтердің үлесі
педагогтардің аудандық (қалалық), облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысу үлесі:
-аудандық (қалалық)
-облыстық
-республикалық
-халықаралық
эксперименттік, зерттеу, қолданбалы жұмыстарға, ғылыми жобаларға (бағдарламаларға), оқу және әдістемелік басылымдарды сараптауға қатысу
авторлық оқу құралдардың, бағдарламалардың, ғылыми әзірлемелердің, басылымдарының бар болуы, озық педагогикалық тәжірибені енгізу
оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету
4
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау
қаржыландырудың тиімділігі және нәтижелілігі
қаражатты бөлудің ұтымдылығы және тепе-теңдігі
5
· Білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау
·
·
· білім алушыларды білім беру ұйымдарындағы спорт секцияларының қызметімен қамту
аз қамтылған отбасылар қатарындағы балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз ету
балалар ауруларының динамикасы
оқыту жағдайының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі
мектеп инспекторы, психологтер мен әлеуметтік педагог лауазымының штатта болуы
турникеттер мен бейнебақылау камераларының болуы
мектепішілік және жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұратын оқушылар санының үлесі
6
Педагогтер мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау
білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің бар болуы
педагогтердің ақпараттық коммуникациялық технологиямен қамтамасыз етілуі
деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі
7
Инклюзивті білім беру
білім беру ұйымына бекітілген шағын ауданда тұратын жалпы бала санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған, ерекше қажеттілікті талап ететін бала үлесі
8
Соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні
9
Білім беру сапасын басқару
оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі
10
Білім сапасын ішкі және сыртқы бағалау нәтижелері
оқу жетістіктерін сыртқы бағалау рәсімдерінің нәтижелері, ұлттық бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі
оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері
облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі
11
Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру
халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар саны
халықаралық жобаларға қатысатын оқушылар мен педагогтер үлесі
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау