Приозерск қ. СЭББ аңдатпа

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Приозерск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2025 жылғы қызмет қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталғаны туралы хабарлайды.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру (тексерулерді тіркеу және жүргізу, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы тарапынан тексерулерді тіркеуден бас тарту жағдайлары және т.б.);
  2. анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
  3. әкімшілік практиканы жүзеге асыру, оның ішінде жеке тұлғалардың, лауазымды тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың кінәсін анықтаудың заңдылығы;
  4. талап қою-шағымдану жұмыстарын жүзеге асыру, оның ішінде басқарма пайдасына шығарылмаған шешімдер бойынша;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібінің бұзылуы, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
  6. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оның ішінде артықшылық көрсету фактілерін, қарау мерзімдерінің бұзылуын және т.б. анықтау;
  7. еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру;
  8. басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі;
  9. мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуы, оның ішінде басқарма қызметкерлерінің табыстары туралы декларацияларды уақтылы тапсыруы;
  10. мүдделер қақтығысын реттеу;
  11. мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу саласы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1195681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version