Қала және аудан методистеріне арналған ақпараттық-құқықтық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында қала және аудан методистеріне арналған ақпараттық-құқықтық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мамандардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын жүйелі түрде түсінуін қалыптастыру.
Семинар барысында басқарма бөлімінің басшысы Н. Нұрмағамбет сөз сөйлеп, қатысушыларды дін саласындағы өзекті мәселелермен таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы дін саласын реттейтін заңнаманың негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу аясында әртүрлі діни мәселелерге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға түрлі дүниетаным өкілдеріне құрметпен қараудың маңыздылығы түсіндіріліп, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Семинар қорытындысында қатысушылар іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті. Алынған ақпарат пен қойылған сұрақтарға берілген нақты жауаптар методистердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ тәрбиелік және профилактикалық бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.

Материал Солтүстік Қазақстан облысы АТК аппаратының

ақпараты негізінде дайындалған

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version