Қамысты ауданында жедел-тактикалық жаттығуөткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қамысты ауданында жедел-тактикалық жаттығу
өткізу туралы
2026 жылдың 7 сәуір күні сағ. 14:30 18:30 аралығында Қамысты ауданы Қамысты ауылында, «Қамысты аудандық білім бөлімі оқушылар шығармашылық үйі» КММ-де (Қамысты, Ержанов к-сі, 70) Қамысты аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Қамысты -Терроризмге қарсы-2026» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Ақпаратқа тек ресми дереккөздерге сүйенуге өтінеміз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҚостанай облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version