Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 наурыздағы жұмыс қорытындысы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы ақпанда Агенттік жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты 16,4 мың жолданымын қарады, бұл 2026 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,6%-ға көп. Оның ішінде жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына – 52,6%, микроқаржы ұйымдарына – 32,7%, коллекторлық агенттіктерге – 9,4% тиесілі. Қаралған жолданымдар мәселесінің сипаты бойынша жолданымдардың негізгі үлесі қарыздар бойынша берешекті реттеу мәселелеріне – 54%, заңнаманы түсіндіруге – 13% және түрлі мәселелер бойынша консультацияларға – 8% тиесілі.

2026 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген бұзушылықтары бойынша Агенттік қаржы нарығының субъектілеріне 8 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және жалпы сомасы 8,6 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20 хаттама бойынша 20 әкімшілік айыппұл:

– банктерге қатысты 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 әкімшілік айыппұл;

– микроқаржы ұйымдарына қатысты – 6 әкімшілік айыппұл;

– сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты 1 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және 11 әкімшілік айыппұл;

– коллекторлық агенттіктерге қатысты 2 әкімшілік айыппұл қолданылды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалуға және борыш жүктемесін азайтуға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

2004-2020 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктер 212,3 млрд теңге сомасына 33,2 мың қарызды қайта қаржыландырды. 

01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруға/қайта қаржыландыруға бағытталған Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 114,4 млрд теңге сомасына 16,1 мың валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруды/қайта қаржыландыруды жүргізді.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктер 101,0 млрд теңге сомасына 10,6 мың халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға қосымша қаржылай қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспанасын қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек көрсетілуде.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1195288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version