Қазақстан әлемдегі бақытты елдер қатарында Франция мен Италиядан озды
2026 жылғы World Happiness Report әлемдік рейтингінде 147 елдің ішінде Қазақстан 33-орында. Еліміз Франция (35-орын), Сингапур (36-орын) және Италияны (38-орын) артқа тастады.
Орталық Азия мен ТМД елдері арасында Қазақстан бірінші орынға шықты. Көршілері Өзбекстан мен Қырғызстан сәйкесінше 53 және 66-орында тұр.
Қазақстан әлеуметтік қолдау бойынша әлемде 4-орында тұр. Яғни, қазақстандықтар қиын кезде қоғамнан жақындарынан көмек алатынына сенеді.
Жомарттық, қайырымдылық жағынан 29-орында.
Сыбайлас жемқорлық – 74-орын. Ал өмір сүру ұзақтығы бойынша 77-орында.
Рейтингте көш бастап тұрған – Финляндия. Ал соңғы орындарда – Ауғанстан мен Ливан.
t.me/stankznews
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1195308?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау