Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді: Премьер-министр бәсекелестік артықшылықты пайдалануды және көмір өнеркәсібін дамытуды тапсырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді: Премьер-министр бәсекелестік артықшылықты пайдалануды және көмір өнеркәсібін дамытуды тапсырды. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту және көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселелері қаралды. Онда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, Қарағанды және Павлодар, Абай облыстарының басшылары, сондай-ақ «Богатырь Көмір» және «Qarmet» көмір өндіру кәсіпорындарының өкілдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көмір энергетикасын дамытудың маңыздылығына тоқталып, көмірмен қуат өндіру ісі бойынша Ұлттық жоба қабылдауды тапсырды. Жоба аясында 5 жыл ішінде жаңа станса салу және қолданыстағы 11 стансаны жаңғырту есебінен 8 ГВт қосымша энергия қуатын алу көзделіп отыр. Көмір өнеркәсібі және көмір стансаларында электр энергиясын өндіру отандық отын-энергетикалық кешеннің негізгі салалары саналады. Олар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы ел экономикасында көмірмен қуат өндіру ісінің маңызын әрдайым атап өтіп, саланы одан әрі дамыту үшін бірқатар бағыттарды айқындап берді. Көмір қоры бойынша біз әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреміз. Бұл – біздің елеулі бәсекелік артықшылығымыз, оны тиімді пайдалануымыз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Көмір әлем елдерінде, соның ішінде ең көп энергия пайдаланатын өндірістермен қатар, цифрлық платформалар үшін де маңызды қуат көздерінің бірі болып қала беретіні, Сонымен қатар кейінгі уақытта қоршаған ортаға әсері барынша аз «Таза көмір» технологиялары белсенді дамып келе жатқаны атап өтілді.

Бұл бағытта Қытай, АҚШ, Үндістан, Оңтүстік Корея және басқа елдердің қалыптасқан тәжірибелері бар. Кейінгі жылдары көмірқышқыл газы мен қоспаларды 90%-ға дейін ұстап қалып, зиянды қалдықтарды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Премьер-министр қолданыстағы көмір стансаларын жаңғырту, ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемін азайтып, тиімділігін арттыру үшін белсенді қолдану қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Қазақстанда тұтыну көлемінің өсуі мен цифрлық активтердің қарқынды дамуын ескере отырып, энергия нысандарын жоспарлы және уақтылы іске қосу керек.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі «Самұрық-Энерго» компаниясымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Ұлттық жобаның орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Мемлекет басшысы жаңа Жылу станцияларының құрылысын жеделдету қажеттігін атап өтті. Қазақстанда тұтыну көлемінің өсуі мен цифрлық активтердің қарқынды дамуын ескере отырып, энергия нысандарын жоспарлы және уақтылы іске қосу керек. Осы мақсатта наурыз айында көмір генерациясы бойынша Ұлттық жоба қабылданды. Энергетика министрлігі «Самұрық-Энерго» компаниясымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Ұлттық жобаның орындалуын ерекше бақылауға алсын. Әрбір жаңа станцияның іргетасын қалаудан бастап іске қосуға дейінгі барлық жұмыстардың нақты жоспары болуға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мұнда Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту мәселесіне назар аударылды. Премьер-министр «Самұрық-Энерго» басшылығы баяндамасын тыңдап, жұмыстарды аяқтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті, жобаларды іске асыруды бақылауды күшейтуді тапсырды, сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға нысандарға барып, жұмыс қарқынын тексеруді жүктеді.

Отырыс барысында Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Энергетика министрлігі Экология министрлігімен бірге бір ай ішінде қолданыстағы энергия көздеріне талдау жүргізіп, әрбір станция бойынша «таза көмірге» негізделген заманауи экологиялық технологияларды енгізуге байланысты жол картасын әзірлеп, бекітсін.

Қолданыстағы көмір электр станцияларында заманауи тазарту жүйелерін, оның ішінде электрофильтрлерді қолдана отырып, кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Тазарту жүйелерінің тиімділігін арттыру және халықаралық тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеу бойынша зерттеу жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Қазақстанда көмір химиясы саласының әлеуеті жоғары болғанымен, әлі де қалыптасу үстінде.

Көмірден қосылған құны жоғары өнім алу экономиканы әртараптандырып, экспорттық әлеуетті нығайтуға белсенді ықпал етеді.

Осыған байланысты, Энергетика министрлігіне 1 шілдеге дейін көмір химиясы саласын кешенді мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингімен бірге көмір химиясы жобаларын қаржыландырудың нақты тетіктерін әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі көмір өнеркәсібі кәсіпорындарымен бірге цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бір ай ішінде көмір өндіру тиімділігін арттыру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс. Көмірді ашық әдіспен өндіру дәстүрлі технологиялар негізінде, көбінесе ескірген жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Бұл көмір кен орындарын игеру тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлердің қауіпсіздігіне де әсерін тигізеді.

Тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1195746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version