Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Тараптар қосымша жүк ағындарын тарту және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен үйлесімді жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, бұл шаралар ынтымақтастықты нығайтуға және Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ Грузия, Әзербайжан және Қазақстан темір жолдары арасындағы бірлескен кәсіпорынның тиімді жұмыс істеп жатқаны атап өтілді. 2025 жылы аталған жобаға Қытай тарапы қосылған. Тараптардың пікірінше, бұл ынтымақтастық жүк тасымалдарын үйлестіруді жақсартуға және дәліздің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кездесу аясында грузин тарапы көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды. Атап айтқанда, Анаклия порты жобасы, локомотив және вагон паркін жаңартуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1195868?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау