ҚР ТЖМ Қ.Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының жеке құрамы Алтай ауданында су тасқынына қарсы жүргізілген іс-шараларға қатысып, Өскемен қаласындағы тұрақты орнына оралды.
– 12 наурыздан бастап жеке құрам Тұрғысын, Чапаево, Малеевск, Соловьево, Маяк ауылдары, Зубовск кенті және Алтай қаласында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыс істеді. Батальон күшімен 4905 метр арық қар мен мұздан, 6 көпір, 2 канал, 27 су өткізу құрылысы тазартылып, 1220 қап инертті материалмен толтырылды. Сонымен қатар Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің дамбасы нығайтылып, су тасқыны қаупі бар елдімекен тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.
Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев әскери қызметшілерге алғыс хат табыстап, тұрғындар атынан су тасқыны қаупі кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендері үшін ризашылығын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1195428?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау