Құқық қорғау орталығы сирек кездесетін аурулары бар балаларды медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жағдайын бақылауда ұстайтын болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары Берік Жақаев азаматтарды қабылдады.

Атап айтқанда, орталыққа өтініш беруші орфандық (сирек кездесетін) аурулармен ауыратын балаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүгінді. Сондай-ақ, осы мақсаттарға бюджет қаражатын бөлу туралы жергілікті өкілді органдардың қабылдаған шешімдеріне қарамастан, қажетті медициналық бұйымдарды сатып алудың кешіктірілуіне қатысты шағым қаралды.

Өтініш берушіге оның мүдделерін қорғау тетіктері жан-жақты түсіндірілді, оның ішінде мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігіне әкімшілік және сот тәртібімен шағымдану құқығы бар екені айтылды.

Берік Жақаев өмір сүру және денсаулықты қорғау құқығын сақтау абсолютті басым екенін атап өтті. Атап айтқанда, 6–10 сәуір аралығында өтетін «ТМД-дағы Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы азаматтардың денсаулықты қорғау құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық сирек кездесетін аурулары бар балаларды қажетті медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жағдайын мұқият бақылауды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1195107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version