Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын қолдауға арналған, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған форум өтті.
– Іс-шараның құрметті қонағы СОБР инспекторы, полиция капитаны Қымбат Ахмет болды. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің жеңімпазы. Бұл беделді турнирге әлемнің үздік арнайы жасақтары қатысып, тактикалық, физикалық және жауынгерлік дайындық деңгейін көрсетеді, – деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.
Форум басталар алдында Қымбат Ахмет студенттер мен мектеп оқушыларына таңғы дене жаттығуын өткізді. Ол тәртіптің, рух күшінің және салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында есірткінің зияны мен киберқылмыстың өзекті қауіптері туралы айтып, жастарды қырағы әрі заңға бағынуға шақырды.
– Форумға Іле ауданының әскери-патриоттық сынып оқушылары да қатысты. Полиция қызметкерлері қатысушыларға есірткіге байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар үшін заңда көзделген жауапкершілікті түсіндірді, – деп толықтырды полковник Әбікеев.
Өз кезегінде киберполиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, соның ішінде «дропперлік» және жалған инвестициялық жобалар туралы айтып, алаяқтардың құрбаны болмау жолдарын түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1195337?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау