Сәрсенбай Котырашевтың халықаралық жаяу сапарының аустриялық кезеңінің аяқталуы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вена, 2026 жылғы 2 сәуір – 2026 жылғы 20 наурыз бен 2 сәуір аралығында бірегей халықаралық жоба – Сәрсенбай Котырашевтың «Ulytaumen» жаяу марафоны аясында оның аустриялық кезеңі сәтті өтті. Бағыт Бургенланд, Вена, Төменгі Аустрия, Жоғарғы Аустрия және Зальцбург федералдық жерлері арқылы өтті.

76 жастағы қазақстандық Сербия астанасы Белград қаласынан Франция астанасы Парижге дейін шамамен 1650 шақырымды құрайтын теңдессіз бағытты бағындыруда. Бұл жол тек көрнекті спорттық жетістік қана емес, сонымен қатар рух күшінің, ұрпақтар сабақтастығының символы әрі Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имиджін ілгерілетудің жарқын көрінісі болып табылады. Аталған жоба Guinness World Records кітабына енгізуге үміткер ретінде қарастырылуда.

Аустрия аумағы арқылы өту барысында Аустриядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Сәрсенбай ата қазақ диаспорасының өкілдерімен, студенттік ұйымдармен, сондай-ақ мәдени және қоғамдық саладағы серіктестермен кездесті. Аталған іс-шаралар шетелдегі отандастармен байланысты нығайтуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға маңызды алаң болды.

Маңызды оқиғалардың бірі – Елшіліктің қолдауымен Аустрияда ұйымдастырылған көктемгі Наурыз мерекесіне Сәрсенбай атаның қатысуы болды. Қазақ даласының ежелгі дәстүрлеріне сәйкес, оған ырыс-береке, даналық пен рухани жаңғырудың символы саналатын Қыдыр ата рөлі берілді.

Мерекелік бағдарлама аясында Сәрсенбай ата Аустрияда білім алып жүрген қазақстандық жастарға арнап тағылымды сөз сөйлеп, білімнің маңыздылығын, отансүйгіштікті, мәдени бірегейлікті сақтау мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ерекше атап өтті.

Аустриялық кезең барысында аустриялық жұртшылыққа қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің элементтері таныстырылды.

Аустриядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі бұл жобаның тек спорттық шара шеңберінен асып, халықтық дипломатияның маңызды бастамасы екенін атап өтеді. Сәрсенбай атаның жаяу сапары мәдениетаралық диалогты дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және бейбітшілік, өзара түсіністік пен бірлік құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1195437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version