6 сәуір – Халықаралық спорт күніне орай «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен ашық жаттығу алаңы ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, таңғы сергіту жаттығуларын жасап, денсаулықтарын нығайтты.
Қатысушылар Э. Әлімжанов саябағында орналасқан арнайы жаттығу құралдарын тиімді пайдаланып, түрлі дене жаттығуларын орындады.
Бұл шара ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттырып, сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1195122?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау