ШҚО-да қос азаматтық үшін 7 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да қос азаматтық үшін 7 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы тарапынан қос азаматтық фактілерінің жолын кесу бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері 250-ден астам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегі тіркелді. Негізінен, бұл – басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдап, қолданыстағы заңнама талаптарын орындамаған тұлғалар.

Жүргізілген жұмыстар аясында 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асты.

Мысалы, тексеру іс-шаралары барысында облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Ол 2026 жылдың ақпан айында көрші мемлекеттің азаматтығын алып, заң талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде хабарламаған. Нәтижесінде оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылданып, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары тәркіленіп, азаматтығынан айырылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1195549?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version