Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) — тыныс алу жүйесінің   ең кең таралған ауруларының  бірі. Ол баяу дамып, бірақ үдемелі түрде тыныс алудың қиындауына және өмір сапасының төмендеуіне әкеледі. Аурудың негізгі себебі-шылым шегу, соның ішінде пассивті шылым шегу.

СОӨА-ның алдын алу жолдары:

  1. Шылым шегуден бас тартыңыз-өкпеңізді қорғаудың ең тиімді тәсілі.
  2. Ластанған ауа әсерінен сақтаныңыз-түтін, шаң, химиялық булардан аулақ болыңыз.
  3. Бөлмені желдетіп, жиі таза ауада болыңыз.
  4. Жұмыста қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, егер зиянды заттармен байланысыңыз болса.
  5. Тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы екпе алыңыз- бұл аурудың асқыну қаупін азайтады.
  6. Медициналық тексеруден тұрақты өтіңіз, әсіресе жөтел, ентігу немесе ұзақ уақыт шылым шегу жағдайы болса.

Ерте диагностика мен алдын алу – өкпе саулығының кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1195356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version