Сабақтың негізгі мақсаты – өрт кезінде жедел әрекет ету, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау және өрт сөндіру тактикасын жетілдіру болды. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт жағдайы жасалып, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, нысан қызметкерлеріне эвакуациялау тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары көрсетілді. Іс-шара барысында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсетіп, қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау