«Тәртіпті жас – ел тірегі»: салауатты өмір салтын насихаттаған қалалық спартакиада

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Тәртіпті жас – ел тірегі» атты қалалық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Н.Манатбеков құттықтау сөз сөйлеп, жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ол жас буынды спортпен тұрақты түрде айналысуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға, қоғамда тәртіп пен жауапкершілікті жоғары қоюға шақырды. Өз сөзінде жастардың ел болашағы екенін атап өтіп, олардың белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруының маңыздылығын жеткізді.

Спартакиада барысында қатысушылар өзара бақ сынап, күш пен ептілікті, жылдамдық пен төзімділікті талап ететін бірнеше спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді. Атап айтқанда:

Қол күрес
Гир көтеру
Ләңгі тебу
Дартс
Бес тас
Асық ату
Кермеге тартылу
Арқан тарту

Жарыс өте тартысты өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Спорттық дода жастардың бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына, ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.

Спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
1-орын – А.С.Пушкин атындағы орта мектеп
2-орын – А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия
3-орын – Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, олардың жетістіктері көпшілік алдында жоғары бағаланды. Аталған спорттық шара жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және олардың бойында тәртіп, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1195211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version