«Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан орталығындағы орталық базар аумағында елімізде екі жылдан бері үздіксіз өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындардағы тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру.

Аталған шараға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ЖКХ) бөлімі басшысының орынбасары, аудандық руханият бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі және Майлыкент ауылдық округінің әкімі қатысып, бірлескен түрде базар аумағындағы саудагерлермен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әрбір кәсіпкерге өздерінің сауда орындары мен айналасын таза ұстау қажеттігі түсіндірілді.

Саудагерлерге қоқыстарды күнделікті уақытылы арнайы белгіленген орындарға тастау, санитарлық талаптарды сақтау және жалпы тазалыққа бейжай қарамау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, белгіленген тәртіпті сақтамаған жағдайда әкімшілік айыппұл салынатыны да нақты жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, тазалық – тек сыртқы көрініс қана емес, ол әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Таза ортада жұмыс істеу ең алдымен адамның өз денсаулығына пайдалы болса, екіншіден қоршаған орта мен табиғатқа келетін зиянның алдын алады.

Осындай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталады.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1195533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version