Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Семей қаласының білім бөлімі ауқымды сенбілік өткізді. Игі шараға бөлім қызметкерлері бір кісідей атсалысты.
Сенбілік барысында белгіленген аумақтар тұрмыстық қоқыстан тазартылып, ағаштар әктеліп, ретке келтірілді. Шараның басты мақсаты — қала тазалығына үлес қосу ғана емес, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беріп, туған өлкеге деген жанашырлықты көрсету. «Тазалық — табалдырықтан басталады» деген ұстанымды серік еткен білім саласының мамандары қала тұрғындарын қоршаған ортаны аялауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1195546?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау