БҮГІН, 7 сәуірде, Теміртау қаласында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің қатысуымен 13 өнеркәсіптік және өзге де кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу “Салауатты жұмыс орындары” бағдарламасы тұжырымдамасының міндеттерін, негізгі жұмыс бағыттары мен іске асыру әдістерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Тыңдаушыларға бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері, стратегиялары, оны іске асыру тәртібі мен мерзімдері, тиімділікті мониторингілеу және бағалау құралдары, сондай-ақ бағдарламаға қатысу тәртібі туралы ақпараттар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1195671?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау