Түркістан облысы Полиция департаментінде жазғы киім үлгісіне көшуге байланысты полиция жеке құрамының гарнизондық байқауы өтті. Бөлімшелердің қызмет атқаруға дайындығын департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев тексерді.
Байқау барысында нысанды киім-кешектің сыртқы түрі, жай-күйіне, қызметтік жетондар мен куәліктердің болуына, сондай-ақ саптық түзеуге және қызметтік тәртіптің сақталуына баса назар аударылды. Қызметтік міндеттерін адал атқарудың, құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюдың және азаматтарға ұқыпты қараудың маңыздылығы атап өтілді.
Тексеру қорытындысы бойынша полицейлерге қызметтің тиімділігін арттыру, тәртіпті нығайту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.
Бірқатар қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Байқау соңында полицейлер салтанатты шерумен өтіп, қойылған міндеттерді орындауға дайын екендіктерін көрсетіп, қызмет атқаруға кірісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1195561?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау