Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында ерекше атап өтілетін маңызды құндылықтардың бірі – ұлттық бірлік пен қоғамдық тұрақтылық. Бұл – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің негізгі тірегі. «Ұлттық бірлік пен тұрақтылық – табысты мемлекеттің тірегі» деген тұжырым қазіргі Қазақстан жағдайында аса өзекті.
Бірлік бар жерде – береке бар. Қоғамдағы татулық пен өзара түсіністік елдің экономикалық дамуына, әлеуметтік әл-ауқатының артуына тікелей әсер етеді. Әртүрлі этнос пен мәдениеттің бейбіт өмір сүруі – Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Бұл – сан алуан халықтың ортақ мақсатқа жұмылып, ел болашағы үшін бірге еңбек етуінің айқын көрінісі.
Тұрақтылық – дамудың кепілі. Қоғамда тыныштық пен заң үстемдігі сақталған кезде ғана инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту мүмкін болады. Сондықтан мемлекет үшін ішкі тұрақтылықты сақтау – стратегиялық маңызды міндеттердің бірі.
Президент жолдауында да халық бірлігін нығайту, әділетті қоғам қалыптастыру және әр азаматтың құқықтарын қорғау мәселелері басты назарда. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1195262?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау