Ұлытау облысында қоғамның тұрақтылығын нығайту және зайырлы құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Бұл жолғы шаралар аясында теолог, дінтанушы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы өңірдің білім беру мекемелері мен өндіріс орындарында болып, тұрғындармен мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында зайырлы қағидаттардың мәні, мемлекет пен сенім бостандығы саласындағы қатынастардың құқықтық негіздері, сондай-ақ экстремизмнің қоғам үшін төндіретін қатері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігінде таралатын жалған әрі деструктивті мазмұндағы материалдардың ықпалына ерекше назар аударылып, мұндай ақпараттарға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызы нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Сондай-ақ жастар мен еңбек ұжымдары өкілдеріне құқықтық сауаттылықты арттырудың, өзара құрмет пен түсіністік мәдениетін нығайтудың қоғам бірлігін сақтаудағы рөлі кеңінен түсіндірілді.
Кездесулер еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Әңгіме барысында тұрғындар зайырлылықтың мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны, радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары және ұлттық қауіпсіздікке үлес қосу мәселелерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңір тұрғындарының зайырлы құндылықтарға деген көзқарасын нығайтып, экстремизмге қарсы бағытталған қоғамдық иммунитетті күшейтуге ықпал етті. Мұндай бастамалардың жалғасуы қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың маңызды тетігі болып отыр.
Материал Ұлытау облысы ТҚК аппараты
ұсынған ақпарат негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195741?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау