ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

TikTok әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Қасымбек ауылының кәмелетке толмаған тұрғынының автокөлік құралын басқарып, аталған құқық бұзушылықты өзі желіге жариялаған бейнематериалды анықтады.

Тексеру нәтижесінде аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптарының талаптарына қайшы келетіні анықталды. Аталған дерек бойынша көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, айыппұл салынды.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу тұрақты негізде жүзеге асырылатынын атап өтеді. Құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Құрметті азаматтар! Кәмелетке толмағандардың көлік құралын басқаруына жол бермеңіздер. Мұндай жауапсыздық ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Заң талаптарын сақтау – жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1195370?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version