6 сәуір күні ҚР Жоғары аудиторлық палатасында Әдеп жөніндегі уәкіл Заңғар Шындалидің, ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін реттеу комитетінің басқарма басшысы Әбдел Балтатегінің, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға қатысты шектеулер туралы айтылды. Заңмен айқындалған ойын орындарында, рұқсат етілмеген жерлерде, сондай-ақ интернет арқылы қатысуға тыйым салу мәселелері қамтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтаудағы жеке жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аталған шектеулерді бұзу қызметтен босатуға немесе мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
Кездесу барысында қатысушыларға құмар ойындардың алдын алу қағидалары мен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар да өз пікірлерімен бөлісіп, нақты практикалық жағдайларды талқылады. Кездесу соңында спикерлер лудоманияның алдын алу бойынша нақты ұсынымдар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1195572?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау