28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жыл сайын жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған маңызды күн ретінде аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айы «Еңбекті қорғау айлығы» деп жарияланған.
Бұл күн – әрбір жұмыс беруші мен қызметкер үшін қауіпсіздікке деген жауапкершілікті арттырып, «нөлдік жарақат» қағидатын ұстануға шақыратын маңызды мүмкіндік.
Осыған орай, «Еңбекті қорғау айлығы» аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен еңбек заңнамасын, соның ішінде жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігінің сақталу талаптарына қатысты жұмыс берушілердің, кәсіподақтар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарлануда.
«Еңбекті қорғау айлығы» іс-шарасында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері үстіміздегі жылдың 27-сәуір күні «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» қарсаңына орай Департаменттің ұйымдастыруымен өткізілетін арнайы іс-шара барысында қортындыланатын болады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау