Бүгін, Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты «№64 Ш.Рашидов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында:
– қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
– мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
– еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері жан-жақты қаралды.
Тесеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жүргізілген тиісті түсіндірме жұмыстары барысында заң талаптарын сақтау жөнінде ұсынымдар берді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау