КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
🔷 Шымкент қаласында тұрғын үй қорын кеңейтуге және баспана кезегіндегі азаматтарды қолдауға бағытталған бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Кезекті жұмыстың аясында Асар-2 шағынауданында тағы 30 отбасыға жалдамалы пәтерлердің кілтті табысталды.
🔷 Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтады. Мегаполис басшысы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды кезең-кезеңімен іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
🔷 Бұл пәтерлер коммуналды тұрғын үй қорынан бөлініп, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға ұсынылып отыр. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар бар.
🔷 Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жалғасуда. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу белгіленген талаптарға сәйкес, ашықтық пен әділдік қағидаттары негізінде жүргізіледі, бұл барлық үміткерлерге тең мүмкіндік береді.
🔷 Мұндай бастамаларды жүзеге асыру қаланың тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1196731?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау