2026 жылдың 7 сәуірінде «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Іс-шараға қаланың, ауданның жалпы білім беру ұйымдарының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің оқушылары, оның ішінде Павлодар қаласынан 6 жеңімпаз қалалық кезеңінің жүлдегерлері № 25, 35, Малайсары батыр атындағы, А.Байтұрсынұлы, М.Әлімбаев атындағы және Жетекші мектеп оқушылары қатысты. Шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша 3 оқушы облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды. – «Абайдың асыл мұрасы» – Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу бағыты бойынша ІІ орынды Жетекші мектебінің 10 сынып оқушысы Байбулатова Алима иеленді. – «Әнді сүйсең менше сүй» – Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау номинациясында – ІІ орынды А.Байтұрсынұлы атындағы мектебінің Шмулько Валерия 8 сынып оқушысы иеленді. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» ақындар мүшәйрасы номинациясының ІІІ орын иегері – Малайсары батыр атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Мұтбай Інжу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1196282?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау