Бүгін «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Пашимов азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, ауруханаға жатқызу бойынша қолдау көрсету, МӘМС жүйесіне қатысты түсіндірмелер, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектікті қайта қарау мәселелері кеңінен талқыланды.
Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, басқарма басшысы өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес нақты түсініктемелер берді. Кейбір мәселелер бойынша жедел шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1196672?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау