Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар өзекті сұрақтарын көтеріп, нақты жауаптар алды.
Кездесу барысында әсіресе жер мәселесіне қатысты өтініштер жиі көтерілді. Тұрғындар жер телімдерін рәсімдеу, мақсатты пайдалану және заңдылық тұрғысындағы түйткілдерді ортаға салды. Аудан әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, оларды заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді. Сонымен қатар, тұрғындарға заң талаптарына сәйкес толыққанды түсіндірмелер ұсынылды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау