БІРІНШІ МАМЫРДА АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ЖҮРГІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кездесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті . Кездесу барысында өткен жылдың нәтижелері қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.
 
2025 жылы тұрғындардың көтерген 10 мәселесінен 9-ы шешіліп, 1-і орындалу сатысында. Мысалы, Алғабас елді мекеніндегі Бірлік көшесінің орташа жөндеуі сәуір айында жоспарланған.
 
Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары жалғасуда. Киелітас ауылдық округінде 100 гектар аумаққа арнайы экономикалық аймақ құру көзделген. «Төлеби» индустриалды аймағында 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 440 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, жалпы құны – 23,3 млрд теңге.
 
Әлеуметтік инфрақұрылымға 2025 жылы 13 жобаға 979 млн теңге бөлінді. Ынтымақ елді мекенінде 150 орындық мектеп құрылысын бастап, мәдениет үйін жөндеуден өткізді. Ауыз су жүйесіне қажетті құжаттар дайындалды.
 
Жол инфрақұрылымын жақсарту үшін көшелер жөнделіп, жарықтандыру мен бейнебақылау орнатылды, каналдар мен гидротехникалық нысандар ретке келтірілді.
 
2026 жылы 16 жобаны іске асыруға 786 млн теңге қарастырылған. Қаражат көшелерді жөндеуге, ауыз су жүйесін жаңартуға, электр желілерін тартуға және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге бағытталады.
 
Бірінші Мамыр, Алғабас, Ынтымақ елді мекендерінде инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасады. Көшелерге тротуарлар мен лотоктар орнатылып, бағдаршам қойылып, жарықтандыру мен жол қауіпсіздігін арттыру шаралары іске асырылады.
 
Тұрғындар электр жарығының сапасы, ауыз судың сапасы жауын-шашынды күндері, көшелерді түнгі жарықтандыру, электр бағаналарын жаңарту мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, Зағамбар елді мекеніндегі білім ошағын кеңейту және мәдениет үйін салу қажеттігі айтылды.
 
«Балмұздақ» ЖШС-не жергілікті тұрғындарды жұмысқа қабылдау, спорт кешенін салуға демеушілік көрсету, Тоған салу, Ынтымақ – Ленгір тас жолын жөндеу, аяқ жол құрылысын аяқтау, мәдениет үйінің материалдық жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
 
Аудан әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, шешу жолдарын нақтылап, сала басшыларына тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілуге бақылауда болады. Кездесуден кейін әкім азаматтарды жеке қабылдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1196714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version