Талдықорған қаласындағы политехникалық колледжде Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қарсы бағыттағы профилактикалық іс-шара өткізді. Бастама қаладағы медиа тұлғалардың қатысуымен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп жүзеге асырылды.
Студенттермен кездесу «ашық микрофон» форматында өтіп, еркін әрі шынайы диалог орнатуға мүмкіндік берді. Қатысушылар жастар арасындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу мәселелерін, есірткінің заңсыз айналымының салдарын және заңда көзделген жауапкершілікті талқылады. Ақпаратты әсерлі жеткізу мақсатында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыратын әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері ұсыныстарын айтып, жастарды саналы таңдау жасауға және ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін тәуекелді әрекеттерден бас тартуға шақырды. Студенттерге бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған азаматтың сөзі ерекше әсер қалдырды. Ашық әңгіме барысында ол жеке өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жіберілген қателіктердің құнын түсіндіріп, дұрыс өмір жолын таңдаудың маңызын атап өтті.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлерінің көрсетілімдік өнер көрсетуі ұйымдастырылды. Студенттерге қызметтік иттердің есірткі заттарын иіс арқылы, оның ішінде жасырын «закладкалар» жағдайында да қалай анықтайтыны көрнекі түрде көрсетілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «профилактикалық іс-шаралар — қылмыстың алдын алудың тиімді құралы. Жастар қауіп-қатер мен оның салдарын неғұрлым ерте түсінсе, соғұрлым оларды орны толмас қателіктерден сақтап қалу мүмкіндігі жоғары».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1196625?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау