«Халық бухгалтері» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Халық бухгалтері» акциясы

Құрметті салық төлеушілер!

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Халық бухгалтері» акциясы аясында тұрғындарға салық заңнамалары бойынша тегін кеңес беру жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Акция барысында департамент мамандары:
– жеке және заңды тұлғалардың салықтық міндеттемелерін түсіндіреді;
– салық есептілігін тапсыру тәртібі бойынша кеңес береді;
– берешектерді өтеу жолдарын түсіндіреді;
– мемлекеттік кірістер органдарының электрондық қызметтерін пайдалану бойынша көмек көрсетеді.
Аталған шараның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және салық мәдениетін қалыптастыру.

 Әрбір азамат өз сұрақтарына нақты жауап алып, білікті мамандардан кеңес ала алады.

Салық саласына қатысты сұрақтарыңыз болса, «Халық бухгалтері» акциясына қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1196615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version