КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен қаралды.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, алғашқы мәселе – ауданның криминогендік жағдайы мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Аталған бағыт бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Руслан Мейрбеков баяндама жасап, құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Келесі кезекте аудан аумағын сапалы интернет желісімен қамту мәселесі қаралды. Бұл бойынша аудан әкімі аппаратының салаға жауапты бөлім басшысы Арыслан Нуриддинов баяндама жасап, елді мекендердегі байланыс сапасын арттыру және тұрғындарға интернет желісіне қолжетімділікті кеңейту бойынша баяндады.

Сонымен қатар, қосымша мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, қоғамдық-саяси ахуал, көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы, «Таза Қазақстан» акциясының орындалуы және жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілген гранттардың игерілуі туралы жауапты сала басшылары хабарлама жасады.

Жиын соңында аудан басшысы қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, жауапты басшыларға олардың сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды жүктеді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1195891?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version