Мемлекеттік сатып алулар саласында тәжірибе алмасу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Мемлекеттік сатып алулар: құқық қолдану практикасы» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өткізілді.

Семинар шеңберінде Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Жаңбыраев Бақжан Шәкенұлы дәріс оқып, мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық қолдану тәжірибесі бойынша кәсіби білімімен және тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, практикалық аспектілер түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1196348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version