Орталық спорт клубының төрағасы жекпе-жек түрлерінен шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Біріншілікке еліміздің барлық өңірінен жиналған 20 команданың құрамында мыңға жуық спортшы қатысуда. Жарыстар М1-ден М9-ға дейінгі жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Әр санатта жеті салмақ дәрежесі бар.
Қарулы күштер атынан турнирде ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов лайықты өнер көрсетті.
Дзюдо жарыстарында ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде М-3 (40-44 жас) санатында алтын медаль жеңіп алды.
Арман Әбеуов Ұлытау, Түркістан және Қарағанды облыстарының дзюдошыларымен
кездесу өткізіп,
иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Жарыстар 9 сәуірге дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша биыл күзде Босния және Герцеговинада шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысушылар анықталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1196112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version