Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында ол өңірдегі ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жобалармен танысып, жергілікті шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті.

Алдымен вице-премьер Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековпен бірге Кеңгір ауылында жүзеге асырылып жатқан «Kengir Agro» кооперативінің жұмысымен танысты. Алты ай бұрын бастау алған жоба аясында бүгінде материалдық-техникалық база қалыптасу үстінде. Қазіргі таңда 100 гектар аумаққа картоп егу жұмыстары жүргізілуде, ал алдағы кезеңде мал азықтық дақылдар егу жоспарланған. Сонымен қатар, қуаттылығы 3 мың тонна болатын картоп сақтау қоймасының құрылысы басталмақ. Серік Жұманғарин жобаға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Жұмыс сапары барысында таныстырылған келесі нысан – облыстағы алғашқы көкөніс сақтау қоймасының құрылысы. Қуаттылығы 10 мың тоннаны құрайтын бұл жоба қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған бастамалар өңірде көкөніс пен жеміс-жидек бағасын тұрақтандыруға, маусымаралық кезеңде тапшылықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Жиын барысында фермерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен кәсіпкерлер өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық көтерілген мәселелер мұқият тыңдалып, тиісті шешімдер қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1196741?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version