Сақ болыңыздар кенелер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кенеле ерте көктемде – сәуір-мамыр айларында, қар ери сала «оянады», олардың саны мамырдың соңы мен маусымда шарықтау шегінде жетеді.

Шілде айында кенелер азаяды, ал тамызда екінші, бірақ шамалы өсу байқалады. Мамыр мекемелері қарсаңында және мереке күндері кенелердің адамдарға шабуыл жасау жағдайлары жиілейді, өйткені бұл кезеңде адамдар орманға көбірек шығады.

Кенелер өз құрбанын шөптерде, сирек жағдайда бұталарда күтеді, бірақ олар ешқашан ағаштарда өрмелемейді, олардан құламайды және секірмейді. Адамның терісіне немесе киіміне жабысқан кене, денеге қадалу үшін киім астынан оңаша жер тапқанща жоғары қарай өрмелейді.

Оған дейін кене денеден 20–40 минуттай өрмелеп, терісі жұқа және қан тамырлары беткей орналасқан ең қолайлы жерді іздейді. Кенелер әрқашан жоғары қарай өрмелейді, сондықтан олар көбінесе қолтық астынан, шаттан, арқадан, мойыннан және бастан табылады.

Табиғат аясына шыққанда, кенелерден жеке қорғану және алдын алу ережелерін ұмытпаңыз, келесі сақтық шараларын сақтау қажет:

  • көйлектің жағасы денеге тығыз жанасып тұруы керек, күртешені капюшоны барын таңдаған жөн;
  • көйлек шалбардың ішіне салынуы тиіс және ұзын жеңді болуы керек, жең манжеттері денеге тығыз орналасуы қажет;
  • шалбар етікке немесе бәтеңкеге салынуы керек, шұлықтың резеңкесі тығыз болуы керек;
  • бас пен мойынды орамалмен немесе кепкамен жабу керек;
  • киім ашық түсті, бірыңғай болуы тиіс, орманға бару үшін әртүрлі комбинезондар ең қолайлы нұсқа болып табылады;
  • бөлмеге жаңа жұлынған гүлдер мен өсімдіктерді, сыртқы киімдерді және кенелер болуы мүмкін басқа да заттарды әкеліуге ккеңес беріслмейді;
  • иттер немесе басқа да жануарлар да тексерілуі керек;
  • мүмкіндігінше шөпке отыруға немесе жатуға болмайды.

Ормандағы тұрақтар мен түнеу орындарын шөп өсімдіктері жоқ учаскелерде немесе құмды топырақты құрғақ қарағайлы ормандарда ұйымдастыру қажет.

Кенелерді анықтау үшін әр 15–30 минут сайын сыртқы киімді және бұл жәндік түсуі мүмкін дене бөліктерін тексеріп отыру қажет.

Киімді арнайы аэрозольды химиялық құралдармен: акарацидтік (кенелерді өлтіретін), репелленттік ( кенелерді үркітетін) немесе акарицидтік-репелленттік (бір мезгілде үркітетін және өлтіретін) өңдеу кезінде қорғаныс тиімділігі бірнеше есе артады. Алайда, бұл құралдардың ешқашан ашық теріге жағылмайтынын есте ұсаған жөн!

Денеге қадалған кенелердің мүмкіндігінше тезірек алып тастау қажет. Бұл неғұрлым тез жасалса, қаңға қауіпіті ауру қоздырғышының түсу ықтималдығы соғұрлым аз болады. Кенені қолмен езуге болмайды, саусақтағы микрожарықтар арқылы у қанға түсіу мүмкін. Денеде кене табылған жағдайда медециналық мекемеге қаралу ұсынылады, онда оны адып тастап, зерттеуге береді.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің статистигі
С. Е. Сүлейменова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1196227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version