Сарыағаш ауданы аумағында құрылыс қарқыны артып, жаңа нысандар бой көтеруде. Осыған байланысты аудан әкімі Арман Абдуллаев төрағалығымен сәулеттік жобалар кеңесінің отырысы өтті.
Жиын барысында ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан бірқатар сәулеттік жобалардың эскиздері таныстырылып, талқыланды.
Аудан әкімі ұсынылған жобалардың барлығы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Сонымен қатар, әрбір нысан сәулетшілердің келісімінен кейін ғана іске асырылуы тиіс екені қатаң ескертілді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта жаңғырту кезінде және жаңадан салынатын нысандардың қасбеттері, қоршаулары мен түстік шешімдері бірізді болуы қажет екені тапсырылды. Ұсынылған жобалардың сапасына және сәулеттік үйлесімділігіне ерекше назар аудару қажеттігі ескертілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1196768?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау