Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Тама ауыз су жүйесінің құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Нысандағы құрылыс қарқынын көріп, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетсек, бұл жоба – аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық нысан.
Сонымен қатар, 55 дана камералы құдық орнатылды.
– 12 ұңғыма 185 метр тереңдікке дейін толық қазылып бітті;
– Қосымша 2 ұңғыма 110 метрге дейін қазылып, диаметрі 324 мм қаптама құбыр орнатылды;
– Қалған бөлігі 168 мм құбырмен 75 метрге дейін бұрғылануда.
Жалпы саны – 14 ұңғыма.
Сонымен қатар, қала аумағындағы резервуарлардың құрылысы да аяқталу сатысында. Қабырғалары құйылып, ішкі және сыртқы жұмыстар атқарылған. Қазір дренаж жүйесін орнату, желдету және үстіңгі қабатын реттеу жұмыстары жалғасуда.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1196073?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау