Абай облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қала көшелерін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты.
Заң талаптарына сәйкес, азамат медициналық куәландырудан өтті. Сараптама нәтижесі күдікті растады — жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған.
жол қауіпсіздігі — әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Бір сәттік немқұрайлық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
«Мас күйінде көлік басқару — бұл тәртіп бұзу ғана емес, бұл — адам өміріне қарсы жасалған қауіп. Әр жүргізуші рөлге отырғанда тек өз тағдырын емес, өзгенің өмірін де ойлауы керек. Заңды елемеу — қоғамға қауіп төндірумен тең. Сондықтан мұндай әрекеттерге әрдайым қатаң шара қолданылады. Жолдағы тәртіп — ортақ қауіпсіздіктің негізі».
Ішімдік ішкен болсаңыз — көлікке отырмаңыз.
Өмір — біреу, қауіп — көп.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1196810?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау