Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі Алматы қаласы бойынша Тестілеу орталығы және Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, №11 мекемеде ұсталатын және мектепті аяқтап жатқан кәмелетке толмағандарға арналған түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру тәртібі мен шарттары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Іс-шара білім алу құқығын қамтамасыз етуге және жастардың ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1197423?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау