АЛМАТЫДА ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі бекітілген ұлттық даму жоспары және «ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының» 30 жылдығы шеңберінде фармацевтикалық форум өтті.

Форум республиканың дәрілік саясатын, өзекті салалық және реттеуші мәселелерді, халықаралық тәжірибені және заманауи цифрлық шешімдерді қолдануды талқылауға арналған диалог алаңына айналды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының арасында саланы дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың дәрі-дәрмектерге қол жетімділігі мен қалта шығыстарын азайту мақсатында халықаралық деректер базасы негізінде бағаларды ішкі және сыртқы рефераттау тетіктерін енгізе, негізсіз шығыстарды алып тастай отырып, баға белгілеудің жүйелі реформасын жүргізгенін айта кеткен жөн.

Дәрілік заттарды сатып алу қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджет қаражатын үнемдеуге шамамен 70,5 млрд теңге қол жеткізілді.

Алынған қаражат медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жедел бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1197189?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version