Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылдың мамырында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Астрахан ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Баймолдина Мадина Молдағалиқызына мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 2-28-89, 2-35-61, қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1197162?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау