Ақмола облысының прокуратурасымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының прокуратурасы Әділет департаментімен бірлесіп, Полиция департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, сондай-ақ адвокат, нотариус және жеке сот орындаушысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқытушылары мен курсанттарына арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Іс-шара барысында 100-ден астам қатысушы интернет-алаяқтықтан өздерін және жақындарын қалай қорғау керектігі туралы ақпарат алды.

Сондай-ақ алимент өндіру, банктік шоттардағы шектеулерді алып тастау және алаяқтық жағдайында полицияға жүгіну тәртібі бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері цифрлық сервистер, соның ішінде чат-бот арқылы заң көмегін алу мүмкіндіктерін, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заңгерлік және әлеуметтік көмекті алу тәртібін түсіндірді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1197605?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version