Астанада Ж.Нәжімеденов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 10-25 сәуір аралығында Ж.Нәжімеденов көшесінің
А-52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын болады.

Көрсетілген учаскеде жол кептелісін азайту мақсатында қатар жатқан А.Байтұрсынұлы көшесімен қатынауға болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1196801?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version