Бекітілген кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында Аққайын ауылының тұрғындары елді мекеннің инженерлік және көліктік инфрақұрылымын дамытуға қатысты өтініштерін білдірді. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау желілерін тарту, сумен жабдықтау жүйелеріне қосылу, сондай-ақ автокөлік жолдарын салу және жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы көтерілген мәселелердің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге Аққайын ауылын газдандыру, электр және сумен қамту желілерін ілгерілету, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жан-жақты ведомствоаралық ықпалдастықты қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұдан бөлек, елді мекендегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ауылға кіре беріс жол учаскесіне темірбетонды тіректер монтаждай отырып, көше жарығын орнату мүмкіндігін зерделеу жүктелді.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық өтініштердің орындалу мерзімдері мен сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1196831?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау